MirZnaet.ru

Лучшее из переведенного

richard-wolf просмотров: 2402

6 Қолданылуы


 


6.1 Дайындау жұмыстары


à       Құрастыруды тексеру (6.4 тарау)


à       Бақылауды жүргізу (7 тарау)


à       Электрод


    Жалғастырғыш  тетікті (1.6) немесе домалатпасы бар қалпақшаны (5.8) тілдің бағытымен бұру арқылы босату, 8а-сур.


    Электродтық қоспаны (1.2) биполярлы дәнекер бөлшекке (1.3 немесе 5.7) тұйықталғанша кіргізу, 8b-сур.


    Жалғастырғыш тетікті (1.6) немесе домалатпасы бар қалпақшаны (5.8) тілдің бағытымен бұрып бекіту, 8b-сур.


    Электродтық қоспаны сәл тарту арқылы бекітілу нықтылығын тексеріп алу, 8b-сур.


 


 

















АБАЙЛАҢЫЗ!




 

                                    


Өрт қаупі!


Пайдалы ұзындығы (ПҰ) дұрыс емес электродтарды қолдану


Коагуляциялық аспапты тек қана электродтық қоспасымен  (1.2) және биполярлы дәнекер бөлшегімен, ұзынымен (1.3) ғана қолдану!


 


à       Коагуляциялық аспап, 1, 9, 10- сур.


      Резеңке қалпақшаны (1.4) сорғыш аппликаторға (1.1) орнату.


      Электродты тұйықталғанша кіргізу, 9, 10-сур.


à       Жалғау шлангын шлангтың келте құбырына (1.5) қосу.


 


 

















АБАЙЛАҢЫЗ!




 

                                    


Электр өткізгіш жуу ерітінділері!


Токтың кеміп қалуы салдарынан тіннің бақыланбайтын зақымдалу қаупі!


Пайдаланушы қолданылуына сәйкес жуу сұйықтығын таңдау керек.


 


à       Биполярлы дәнекер сымжеліні (Richard Wolf 8108.1ххх типті) биполярлы дәнекер бөлшегіне жалғау.


à       Биполярлы дәнекер сымжеліні ЖЖ биполярлы генераторға жалғау.


 


6.2 Дайындау жұмыстары


 

















АБАЙЛАҢЫЗ!




 

                                   


Бұйымдардың шектелген тұрақтылығы!


Шамадан тыс күшпен салып жұмыс істеу зақымдалуға, қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.


ЖЖ аспаптарды қалпына келетін максималды ұштық кернеуіне (VS) дейін қолдану керек:































Атауы



Жұмыс режимі:


Коагуляция



Жұмыс режимі:


Тозаңдату коагуляциясы



Электродтар,


Ø 2 мм



500 VS



қолданылмайды



Электродтар,


Ø 5 мм



800 VS



Қолданылмайды



Пинцет;



500 VS



қолданылмайды



Инелі электрод



 



 



 

















ЕСКЕРТУ!




 

                                   


ЖЖ аспаптарды көзге көрінген жағдайда және тінмен қажетті байланыс болған кезде ғана іске қосу.


 


à       Коагуляция үрдісін ЖЖ хирургиялық құралды іске қосу арқылы бастау.


à       Коагуляцияның эндоскопиялық үрдістері кезінде қуатты келтіруді және ұзақтықты клиникалық  пікірлердің немесе сәйкесті жаттығудың негізінде оператордың тәжірибесіне сай анықтайды.


 


 


6.3 Бөлшектеу


à       Сорғыш аппликатор:


    Биполярлы электродты қоспаны сорғыш аппликатордан (1.1) тартып шығару, 9-сур.


    Резеңке қалпақшаны (1.4) шешіп алу, 9-сур.


à       Электрод:


    Жалғастырғыш тетікті (1.6) немесе домалатпасы бар қалпақшаны (5.8) шешу, 8а-сур.


    Электродты қоспаны (1.2) биполярлы дәнекер бөлшегінен тартып шығару, 8а-сур.


à       Биполярлы дәнекер бөлшек (1.3 немесе 1.7):


    Жалғастырғыш тетікті (1.6) немесе домалатпасы бар қалпақшаны (5.8) цангалық қысқыштан (1.7) және цангалық қысқышты (1.7) штекер бөлшегінен (1.8) бұру арқылы шешіп алу, 8-сур.


 


6.4 Құрастыру


à       Биполярлы дәнекер бөлшегін (1.3 немесе 5.7) 6.3 тарауда баяндалған тәртіпке кері етіп құрастыру.


 


7 Бақылау


 


7.1 Көзбен шолып бақылау


à       Аспаптарда және керек-жарақтарда зақымданулардың, өткір жиектерінің, бекітілмеген әрі кедір-бұдыр беттерінің болмауын қарап шығу.


à       Айыруды тексеріп алу.


à       Сорғыш аппликаторды өткізу қабілетіне тексеріп алу.


à       Жазулар толық және  түсінікті болуы қажет.


 


7.2 Қызметтік тест


à       Зарарсыздандырылған тампонды зарарсыздандырылған қайнатылған тұз ерітіндісімен сулау.


à       Тампонды биполярлы электродқа (коагуляциялық аспапқа) тигізіп, ЖЖ хирургиялық құралды іске қосу.


    Тампондағы сұйықтық қызудың нәтижесінде буланып кетуі тиіс.


à       Қызу болмаған жағдайда немесе жеткіліксіз болғанда:


    Барлық штекер ажыратқыштарын тексеріп шығу.


    Бұзылған бөлшектерді алмастыру.


 


    БҰЛ МАҢЫЗДЫ!


Зақымдалған өнімдерді одан әрі қолданбау және жөндеуге тапсыру.


 


8 Дайындау жұмыстары және күтім


    БҰЛ МАҢЫЗДЫ!


«R.WOLF қатты эндоскоптарын және керек-жарақтарын дайындау жөніндегі жалпы нұсқауларды» сақтау керек, тапсырыс №-і: GA-J 020. Онда келесі әдістер егжей-тегжейлі баяндалған.


 


    БҰЛ МАҢЫЗДЫ!


Пластмасс бөлшектерді (мыс., биполярлы электродтардың пластмасс қабықшасын) металдан жасалған көмекші құралдармен немесе өткір жиектері бар құралдармен (мыс., қылшақтармен) тазартуға болмайды.





















à       Қолмен дайындау



à       Машинамен дайындау



  Алдын-ала сулы өңдеу



  Алдын-ала құрғақ өңдеу



  Бөлшектеу, 6.3 тарауын қараңыз



  Қолмен тазарту/залалсыздандыру



  Машинада тазарту/залалсыздандыру



 


à       Зарарсыздандыру алдындағы құрастыру, 6.4 тарауды қараңыз.


à       Бақылау, 7 тарауды қараңыз.


à       Бумен зарарсыздандыру


    1340С (2720F) кезінде фракциялау әдісімен.


 

- 0 +    дата: 19 октября 2012

   Загружено переводчиком: Джумабаева Инкар Муратбаевна Биржа переводов 01
   Язык оригинала: русский    Источник: www. richard-wolf.com